Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда автобус апатқа ұшырады: Жүргізуші жалған куәлікпен жұмыс істеп келген болуы мүмкін (видео)

Алматыда автобус апатқа ұшырады: Жүргізуші жалған куәлікпен жұмыс істеп келген болуы мүмкін (видео)
Фото: ашық дереккөз

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қаланың Алатау ауданында болған.

Алматыда жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісінен ресми деректер базасында тіркелмеген жүргізуші куәлігі анықталды, деп хабарлайды kznews.kz

Автобус қатысқан жол-көлік оқиғасынан кейін полиция қызметкерлері жүргізушінің құжаттарын тексерген.

Тексеру барысында оның жүргізуші куәлігінде қолдан жасалған құжатқа тән белгілер барыжәне құжаттың тиісті ақпараттық базада тіркелмегені анықталған.

Жүргізуші мен құжаттары одан әрі тексеру үшін полиция басқармасына жеткізілген.

Қазір полиция қызметкерлері жүргізушінің жалған болуы мүмкін куәлікті қандай жағдайда пайдаланғанын және оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда шетелдіктерге жалған құжат дайындаумен айналысқан ер адам ұсталғаны туралы жазған едік. Полицияның мәліметінше, күдікті қазақстандықтардың жарамды ЖСН-і мен жеке куәлік нөмірлерін пайдаланып, құжаттардағы фотосуреттер мен жеке деректерді өзгертіп отырған. 

Жалған құжаттар шетелдіктердің жеке басын жасырып, жеткізу және жолаушылар тасымалы қызметтеріне тіркелуіне мүмкіндік берген. Оларды көбіне курьер және жүргізуші болып жұмысқа орналасу үшін пайдаланған.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.