Экспорттың есепті өсімі мен дастарқанның «кемтігі»: қазақтың еті неге өзіне бұйырмай тұр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
askar.altai@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)

Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Оқиға Қазыбек би ауданындағы Бұқар жырау даңғылының бойында, теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған

Қарағанды қаласында Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды. Көпір қоршауынан асып түспек болған ер адам дер кезінде құтқарылды, деп хабарлайды kznews.kz

Оқиға Қазыбек би ауданындағы Бұқар жырау даңғылының бойында, теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған. ТЖМ Жедел-құтқару жасағының мамандары авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтап, базаға қайтып келе жатқанда көпір қоршауының арғы бетіне өтіп, төмен секіруге оқталған ер адамды байқап қалған.

Құтқарушылар уақыт жоғалтпай, үйлесімді әрекет етіп, азаматты дер кезінде ұстап үлгерді. Кейін оны қауіпсіз жерге шығарды.

1986 жылы туған ер адам мән-жайды анықтап, тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.