Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сапар барысында президент екі елдің жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекетттік сапармен барады. Бұл туралы брифингте сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Алдағы күндері екі елдің сыртқы саясат ведомствосы Қазақстан президентінің Қырғызстанға сапарына байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді талқылайды. Смадияровтың айтуынша, 29-30 қазанда сыртқы істер вице-министрлері деңгейінде кездесулер болады.

"Кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы Қырғызстанға мемлекеттік сапарының ұйымдастырушылық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр", - деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.  

Тоқаев мемлекеттік сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысына қатысады деп көзделген. Сондай-ақ қырғыз әріптесімен келіссөздер өткізеді.

Министрлік мемлекет басшысының көрші елге нақты қай күндері баратынын айтқан жоқ.


sputniknews.kz
Автор
Айбар

Журналист