KZNews.kz
Шоу-бизнес

Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты

Айбар

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1078 0 0

Президент мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсететінін айтты. Ал кінәлілер қатаң жазаланатынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты. Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба жариялады.

"Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!", -деп жазды президент.

​Қордайдағы оқиға

7 ақпанда кешкі сағат 19:00-де Жамбыл облыстық полиция департаментіне "Қордай ауданының Масанчи ауылының жанында 70-тен астам адам төбелесіп жатыр" деген ақпарат түскен. Заңсыз әрекеттерді тоқтату үшін дереу полиция қызметкерлері жіберіледі. Сол жерде болған адамдар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуеметтік желі арқылы таратқан.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=vHnJPhZqzIw[/embed]

Арнайы құрылған штаб өкілдері қақтығыс салдарынан 11 адам қаза болғанын хабарлады.

2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21:00-ден бастап Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды.


sputniknews.kz
Айбар
Автордың басқа материалдары