Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев Қордайдағы оқиғаға қатысты бірқатар лауазымды тұлғаларды жұмыстан босатты

Тоқаев Қордайдағы оқиғаға қатысты бірқатар лауазымды тұлғаларды жұмыстан босатты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы келеңсіздікке байланысты бірқатар шенеуніктерді лауазымдарынан айыруға бұйрық берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың сайтында жарияланды.

"ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С. Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б. Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды", - делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса семлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А. Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А. Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.


stan.kz
Автор
Айбар