«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев "пропагандаға зәру емесін" айтты

Тоқаев "пропагандаға зәру емесін" айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға барған сапарында өзі бейнеленген 14 билборд барын білгенін, мұндай қарсы екенін айтты.

"Ақтауда менің суретім бар 14 билборд орнатылғанын естідім. Мұны жөнсіз деп санаймын. Мұндай пропагандаға зәру емеспін. Әкімшіліктің бұлай етуіне не себеп?" деді Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуінде Тоқаев.

Оның сөзінше, "билбордтарды елбасы (Нұрсұлтан Назарбаевты айтады - ред.) басқарған кезде мемлекет жеткен жетістіктерге арнау керек".

"Бұл - Қазақстандағы барлық әкімге берген тапсырмам" деді Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін айтқан.

10 сәуірде Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну 28 сәуірде аяқталатынын жариялады.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​


Azattyq
Автор
Арман