Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Тоқаев пен Мирзиеев келді": Путин туған күнін қалай атап өткенін айтты

"Тоқаев пен Мирзиеев келді": Путин туған күнін қалай атап өткенін айтты

Ресей президенті Владимир Путин өзінің туған күнін қалай атап өткені туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Ресей президентінің айтуынша, ол туған күнінде Қазақстан және Өзбекстан басшыларымен түскі ас ішкен.

7 қазанда Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізу бойынша жоба өз жұмысын бастады. Бұл күн Ресей президенті Путиннің туған күнімен тұспа-тұс келді.

“Әріптестерім келді, Қасым-Жомарт Кемелұлы және Шавкат Миромонұлы, біз жұмыс істедік, бұл әдейі бұл күнге ойластырылған оқиға емес, біз бұл жоба үшін көптен бері жұмыс істеп келеміз. Олар 7 қазан күні түскі асқа қалды, біз үшеуміз отырдық, үшеуміз болдық", – деді Путин.

Еске салсақ, бұған дейін президент Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барып, Ресей газын Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсіміне қатысқаны туралы жазған болатынбыз.

Автор
Айбар