«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев партия басшыларын қабылдады

Тоқаев партия басшыларын қабылдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде бірнеше қазақстандық партия басшысын қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда хабарламасында Тоқаевтың "Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдағаны" жазылған.

Сайттың жазуынша, "кездесу кезінде қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған".

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан.

Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​ Тоқаевтың орнына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаев сенат спикері болып тағайындалған.


Azattyq
Автор
Мадияр