Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев көп балалы аналар мәселесі жұмыс тобында қаралатынын айтты

Тоқаев көп балалы аналар мәселесі жұмыс тобында қаралатынын айтты

Көп балалы аналар мәселесі 4 маусымда жұмыс тобы аясында қаралады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

"Менің тапсырмам бойынша президент әкімшілігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев пен үкімет мүшелері көп балалы аналармен кездесті. Көтерілген мәселелер ертең жұмыс тобы аясында қаралады. Проблемаларды заңға сәйкес, іскерлік жағдайда шешу қажет" делінген жазбада.

3 маусымда Нұр-Сұлтанда ондаған ана Ақорда мен үкімет үйі алдына жиналып, биліктен баспана мәселесін шешуді сұрады. "Әкім мен министрдің уәдесінен шаршағанын" айтқан аналар Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен премьер-министр Асқар Маминнің шығуын талап етті. Бірақ Тоқаев та, Мамин де аналармен кездесуге шыққан жоқ.


Azattyq
Автор
Бауыржан