"Қоржынға екінші қола түсті" – Абылайхан Жұбаназар үздік үштікте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Төлегенім алыс жолға кетіп еді... Енді Бекежаным да алыс сапарға аттанды" – Меруерт Өтекешова

"Төлегенім алыс жолға кетіп еді... Енді Бекежаным да алыс сапарға аттанды" – Меруерт Өтекешова
todayinfo.kz коллажы

Алматыда өтіп жатқан Асанәлі Әшімовпен қоштасу рәсімінде Меруерт Өтекешова тебіреніспен сөз сөйледі. "Қыз Жібек" фильмінде Жібек рөлін сомдап, Асанәлі Әшімовпен бірге өнер көрсеткен актриса бұл қазаның театр мен тұтас өнер әлемі үшін орны толмас ауыр қайғы екенін айтты, деп kznews.kz тілшісі todayinfo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Актрисаның айтуынша, марқұмның тұлғасы мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.

"Біздің сүйікті Асанәлі ағамыз алыс жолға кетті. Бірақ, Асанәлі ағамыз жүрегімізде мәңгі қалады. Халық Асанәлі ағамызды ешқашан ұмытпайды. Тірі кезінде ағамыз өнер, отбасыға байланысты қанша кітап шығарды. Біздің жазушылар Асанәлі ағамызға арналған әлі талай кітап шығарады. Ол кісі туралы жазатын дүние әлі көп", – деді ол.

Меруерт Өтекешова Асанәлі Әшімовтің өзіне аға, ұстаз әрі әріптес ретінде көрсеткен қамқорлығын да ерекше ілтипатпен еске алды.

"Асанәлі ағамыздың ойнаған рөлдері, режиссер ретіндегі еңбегі әлі талай айтылады. Маған Асанәлі ағамыз аға, актер, ұстаз, дос ретінде көп көмек көрсетті. Мен өнер жолын алғаш бастағанда өте жас болдым. Төлегенім алыс жолға кетті, енді Бекежаным – Асанәлі аға бүгіннен бастап алыс жолға кетті. Енді жоғарыда бір-бірімен кездесіп, бізге жұлдыз сияқты қарап, қамқорлығын көрсетеді. Әттең, 1 жыл жетпей қалды. Келесі жылы театрымыздың 100 жылдығы тойланады. Қалай болса да, Асанәлі ағаның орнын ешкім баса алмайды", – деді Меруерт Өтекешова.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер