KZNEWS.KZ
Саясат

Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман сұлтанын қарсы алды

• Айгерім Асылова
Фото: Ақорда

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды kznews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады.

Бұдан соң мемлекеттер басшыларының келіссөзі басталды.

Айта кетейік, 5 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.

Қарсы алу рәсімінен соң әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →