Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін "Аваза" кешеніне келді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Авазаға келді, оны Сердар Бердімұхамедов қарсы алды, деп хабарлайды kznews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.
Айта кетейік, Түрікменстанға сапары аясында Қазақстан Президентінің ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экологиялық саммитіне қатысуы да жоспарланған.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға кеше, 7 қазанда жұмыс сапарымен келген болатын.