Мемлекет басшысы қазақстандық шахматшылардың әлемнің үздік командаларының бірі – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті.
Президент құттықтауында Бибісара Асаубаева бастаған Қазақстан құрамасының турнир барысында бірде-бір кездесуде жеңілмегеніне ерекше назар аударды. Бұл нәтижені шахмат сарапшылары елеулі жетістік ретінде бағалап отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық шахматшылардың бұған дейінгі олимпиададағы табысын да қайталағанын атап өтті. Ол кезде де ұлттық құрама екінші орынға ие болған.
Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай нәтиже спортшылардың жоғары шеберлігін, таланты мен еңбекқорлығын көрсетеді.
Президент шахматшы қыздарға алдағы жарыстарда табыс, мықты денсаулық және бақ-береке тіледі.