Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық спортшы допинг үшін бар жетістігінен айырылды

Қазақстандық спортшы допинг үшін бар жетістігінен айырылды
коллаж MadeniPortal.kz

Халықаралық тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, допинг сынамасы 2024 жылғы 14 желтоқсанда Индонезияда өткен GAMMA әлем чемпионаты кезінде алынған. Сонымен қатар спортшы 12 сағат ішінде 100 миллилитрден асатын инфузия алғанын мойындаған. Бұл әдіске WADA ережелері бойынша арнайы медициналық рұқсатсыз тыйым салынған.

Қазақстандық спортшы Зейнеп Оразхан допингке қарсы ережелерді екі рет бұзғаны үшін үш жылға жарыстардан шеттетілді. Оның ағзасынан тыйым салынған мельдоний препараты анықталған, деп хабарлайды kznews.kz.

Зейнеп Оразхан екі заңбұзушылықты да мойындап, ұсынылған санкциялармен келіскен. Ережені бұзғанын ерте мойындауына байланысты дисквалификация мерзімі бір жылға қысқартылып, үш жыл болып белгіленді.

Осылайша, спортшы 2029 жылғы 19 қазанға дейін жарыстарға қатыса алмайды. Бұдан бөлек, оның 2024 жылғы GAMMA әлем чемпионатындағы нәтижелері жойылып, медальдары, рейтингтік ұпайлары мен жүлделері кері қайтарылады. 2024 жылғы 14 желтоқсаннан кейінгі барлық жеке нәтижелері де жарамсыз деп танылды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.