Жетісуда төртем дүниеге келген отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қызыл-Жардың» бұрынғы президентіне мемлекетаралық іздеу жарияланды

«Қызыл-Жардың» бұрынғы президентіне мемлекетаралық іздеу жарияланды
Фото: Қызылжар ФК

Тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

«Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ол бюджет қаражатын жымқырды және салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды kznews.kz

ҚМА мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы Григорий Лория 414 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар деген күдікке ілінген.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2023 жылы футбол клубының қызметін қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

Алайда күдікті бас бухгалтермен және басқа да тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қаржы операцияларын жүзеге асыру кезінде жалған құжаттарды пайдаланған деген болжам бар. Тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың жеке шоттарға негізсіз аударылуын ұйымдастырып, бухгалтерлік және салық есептілігіне жалған мәліметтердің енгізілуіне ықпал еткен.

Атап айтқанда, салық декларацияларында қызметкерлердің табысы, еңбекақы төлеу қоры және ұйымның жылдық жиынтық табысы төмендетіліп көрсетілген.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген азаматтың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдардан хабарласуды сұрады.

«Егер іздеуде жүрген азаматтың қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне хабарлауыңызды сұраймыз», – деді ҚМА өкілдері. 

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.