KZNews.kz
Спорт

"Тобыл" алматылық "Қайраттан" Суперкубокты жұлып алды

Асқар Алтайұлы
Фото: kffleague.kz

Елордадағы "Астана-Аренада" Қостанайдың "Тобылы" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өткен жылғы ел чемпионы "Қайратпен" болған бәсекеде қостанайлықтар ойын соңындағы пенальтиді сәтті орындап, жеңімпаз атанды.

Кездесудің фавориті "Қайрат" клубы болатын. Алматылықтар чемпионға сай ойын өрнегін көрсетіп, 88 минутқа дейін 2:1 есебімен алда тұрды. Алайда ұлттық құраманың экс-капитаны Асхат Тағыбергеннің салған голы қостанайлықтарға үміт сыйлады.

Осылайша "Тобыл" өзінің төртінші суперкубогын жеңіп алды.

Қайрат - Тобыл   
2:2 (Пентальти сериясы 4:5)
Гол салғандар: Луис Герра, 6 (0:1). Александр Мрынский, 20 (1:1). Яакко Оксанен, 26 (2:1), Асхат Тағыберген, 89 (2:2)

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →