WBO президенті: Әлімханұлы жаңа салмаққа ауысқанда бірден міндетті үміткер атануы мүмкін
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Тілді мүлдем ұмытып қалдым": Назарбаевтың қазақ тілін қайта үйренгені туралы айтқан видеосы желіде тарады (ВИДЕО)

"Тілді мүлдем ұмытып қалдым": Назарбаевтың қазақ тілін қайта үйренгені туралы айтқан видеосы желіде тарады (ВИДЕО)
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Mikhail Klimentyev/TASS

Экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында бір кездері қазақ тілін ұмытып қалғанын және оны қайта меңгеруге қалай кіріскенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мен Украинаға кеттім, кейін Теміртаудағы металлургия комбинатында жұмыс істедім. Яғни 20 жыл бойы толықтай орыстілді ортада жүріп, тілді мүлде ұмытып қалдым. 1980 жылы Қарағандыдан Алматыға Орталық комитеттің хатшысы болып келдім. Ал бұл қызметте қазақша сөйлеуім керек болды. Әрине, тілді бірінші сыныптан бері білетінмін. Маған "Социалистік Қазақстан" газетін оқуға кеңес берді. Бастапқыда қиын болды. Бірақ оқи келе тілім қайта жаттығып, қалпына келді", – деді Назарбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге ниетті адам мемлекеттік тілді білуге ұмтылуы қажет.

"Барлығы адамның өзін қалай дайындағанына байланысты. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін мемлекеттік тілді білуге тура келеді. Бірақ бізде мемлекеттік қызметтен басқа да мамандықтар бар. Кім ұмтылса, сол тілді меңгереді. Оған ынталандыру болуы керек", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер