Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Жұрт бүгін айтқанымен, ертең ұмытып кетеді" – Назарбаевтың Сәрсенбаевтың өліміне қатысты айтқан сөзі

"Жұрт бүгін айтқанымен, ертең ұмытып кетеді" – Назарбаевтың Сәрсенбаевтың өліміне қатысты айтқан сөзі
Arasha.kz коллажы

11 ақпанда саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев, оның оққағары Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Василий Журавлевтің қаза тапқанына 20 жыл толды. Осы датаға орай марқұмның туыстары жаңа мәлімдеме жасап, қылмыстық істі қайта қарау туралы өтініш жолдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сәрсенбаевтың жақындары Қазақстан Республикасының Бас прокурорына "жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша" істі қайта қозғау туралы ресми арыз түсірген. Өтініште тергеу және сот процесі барысында өрескел заңбұзушылықтар болғаны, сондай-ақ бірқатар маңызды деректерге құқықтық баға берілмегені айтылған.

Құжатта іс материалдарына қатысты аудиожазбаға сілтеме жасалады. Өтініш авторларының мәлімдеуінше, жазбада Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі делінетін сөздер бар. Онда "іс бойынша бәрі дәлелденген, айқайлаудың қажеті жоқ, бір айдан кейін іс сотқа беріледі, халық бүгін сөйлеседі де, ертең ұмытады" деген мазмұндағы пікір айтылғаны көрсетілген.

Туыстарының пікірінше, бұл жазба сот үкімінің алдын ала шешілген болуы мүмкін деген күдік туғызады. Мәлімдемеде «сот басталғанға дейін бір ай бұрын іс тағдыры шешіліп қойған, ал сот процесі қоғам үшін ұйымдастырылған қойылым болды» деген уәж келтірілген.

Сонымен қатар өтініште Қазақстанның Тұңғыш Президентін осы мәселеге байланысты жауап алу қажеттігі айтылған. Өтініш иелері аталған аудиожазба сот үкімін қайта қарауға негіз бола алады деп санайды.

Сәрсенбаевтың туыстары бұл қылмысты «саяси террор актісі» деп бағалап, істі толық әрі тәуелсіз түрде қайта тергеуді талап етіп отыр. Тергеу органдары әзірге бұл мәлімдемеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер