KZNEWS.KZ
Қоғам

TikTok-та бейәдеп сөз айтқан Талдықорған тұрғынына айыппұл салынды

Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Құқық бұзушы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Тексеру барысында әйелдің бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, ол қоғамдық тәртіпті қайта бұзған.

— Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қажетті материалдарды жинақтап, сотқа жолдады. Істі қарау нәтижесінде әйел кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оның кәмелетке толмаған жас балаларының бар екенін ескере отырып, әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады, — делінген хабарламада.

Полиция әлеуметтік желілер заң талаптарынан тыс кеңістік емес екенін ескертеді. Көпшілікке арналған тікелей эфирлер барысында жалпыға ортақ әдеп нормаларын сақтау қажет.

— Бейәдеп сөздер қолдану заң аясында жауапкершілікке әкеп соғады, — деп ескертті ІІМ-нен.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жалғасады. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →