2026 жылғы білім грантын иеленгендердің тізімі жарияланды (ТІЗІМ)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Астанада TikTok-та балағат сөздер айтқан 19 жастағы қыз жауапқа тартылды

Астанада TikTok-та балағат сөздер айтқан 19 жастағы қыз жауапқа тартылды
Фото: Видеодан скрин

Астана полицейлері TikTok әлеуметтік желісіне кезекті мониторинг жүргізу барысында балағат сөздер айтқан қолданушыны анықтады, деп хабарлайды kznews.kz елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық бұзушы 19 жастағы қыз болып шықты. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот қаулысына сәйкес, бойжеткенге әкімшілік айыппұл салынды.

Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) жариялаған жазба

Астана қалалық ПД "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында интернет кеңістігіндегі құқықбұзушылықтардың алдын алу және анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатқанын ескертті. Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.