Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Терінің қартаюымен күресетін әдіс ойлап табылды - Денсаулық

Терінің қартаюымен күресетін әдіс ойлап табылды - Денсаулық

Терінің қартаюымен күресетін әдіс ойлап табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, АҚШ-тағы Калифорния медициналық университетінің ғалымдары терінің қартаю механизмін анықтады. Мамандар жүргізген зерттеу Immunity журналында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, дермалдық фибробластар дәнекер тіндердің жасушасы болып саналады. Олар (дермалдық фибробластар) адам денесінің сыртқы қабатын инфекциялардан қорғап, терінің қартаюын баяулататын майлар бөліп шығарады.

Зерттеу жаңа туған сәбилердің терісінде май мен микробтарға қарсы кателицидин пептидін бөліп шығаратын фибробластардың мөлшері көп екенін көрсеткен. Бірақ жыл өткен сайын дермалдық фибробластар азайып, ал теріні инфекциялардан қорғайтын функция әлсірей бастайды екен. Мұнда басты рөлді ақуыз атқаратынын анықталды. Ол ақуыз TGF-beta деп аталады. 

Мамандардың сөзіне сүйенсек, TGF-beta ақуызы ересек адамдардың фибробластарына әсер етіп, қажетті май синтезі мен кателицидин бөледі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz
Автор
Санжар