Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Теңізде құстар ұя салған көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылды

Теңізде құстар ұя салған көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылды

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында компаниялардың бірі құстар ұя салған көліктерді өз еркімен уақытша пайдаланбауды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде арнайы баумен қоршалған үш пикаптың видеосы пайда болды. Көліктердің бірінің әйнегінде бұл "құстардың ұя салу аймағы" деген ескерту жабыстырылған.

"Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Теңізде көлік тұрағында үш ұя табылды. ТШО-ның биоәртүрлілігін басқару процедурасына сәйкес орнитолог тексеру жүргізіп, бір ұя инкубацияның белсенді сатысында екенін анықтады. Автокөліктердің жұмысы балапандар ұядан ұшқанға дейін кем дегенде 14 күнге тоқтатылады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

https://youtu.be/m3urnAupFWA

Компания өкілдері ұяларды орнитолог үнемі бақылап жүретінін атап өтті.

Автор
Еркебұлан