Маңызды жиынға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері, Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 28 қазанда, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды. Бұл туралы ресми ақпаратта айтылды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық телеарналардан және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция сағат 11:00-де басталады.
Жолдауда елдің алдағы даму бағыттары мен негізгі міндеттері жөнінде қандай мәселелер көтерілетіні көпшілік назарында.