Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәжікстанда бүлік болған түрменің бұрынғы басшысы мен қызметкерлері сотталды

Тәжікстанда бүлік болған түрменің бұрынғы басшысы мен қызметкерлері сотталды

Тәжікстанда 2018 жылы бүлік болған Худжанд түрмесінің бұрынғы басшысы төрт жылға сотталды. Бұған қоса, колонияның жеті қызметкері "салғырттығы" үшін екі жарым жылға сотталған. Бұл ақпаратты Тәжікстанның әділет министрлігіне қарасты қылмыстық атқару жүйесі басқармасының қызметкеріне сілтеме жасаған Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады. Сайттың жазуынша, түрменің бұрынғы басшысы Файзулло Сафарзод "қызметтік өкілетін асыра пайдалану" және "салғырттық" баптары бойынша кінәлі деп танылған.

Былтыр 8 қарашада Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрмеден бүлік шығып, ресми дерек бойынша, 21 сотталушы және екі күзетші қаза тапқан еді. Ресми билік бүлікті "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының мүшелері ұйымдастырды деп мәлімдеді.

Тәжікстанда 2019 жылы мамыр айында Вахдат түрмесінде соған ұқсас бүлік болып, 32 сотталушы өлген. Билік бұл жолы да түрмедегі бүлікке "террористік ұйымға мүше сотталушыларды" кінәлады.

Тәжікстандағы Азаматтық қоғам коалициясының құқық қорғаушылары 4 маусымда мәлімдеме таратып, тәжік түрмелеріндегі бүліктің себебін мұқият, объективті және өз уақытында зерттеуді талап етті.


Azattyq
Автор
Мадияр