Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәжікстан мен Қытай бірлескен әскери жаттығуды бастады

Тәжікстан мен Қытай бірлескен әскери жаттығуды бастады

Тәжікстан мен Қытай әскерилері 13 тамызда Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығуды бастады. Біріккен жаттығудың мақсаты, Тәжікстан қорғаныс министрлігінің айтуынша, екі мемлекет әскерилерінің террористік, экстремистік топтардан төнген қауіпке жауап беру тәсілін дамыту.

Қытайдың әскери ведомствосының ресми сайтындағы дерекке қарағанда, оқу-жаттығуға қос тараптан 1 200-ге тарта сарбаз қатысып жатыр. Жаттығу 16 тамызда аяқталады. Тәжікстан қорғаныс министрлігі шара Хорог, Ишкошим және Шугнан аудандарында өтіп жатқанын хабарлады.

Қытай мен Тәжікстанның әскер саласындағы одақтастығы соңғы бес жылда нығая түскен. 2016 жылдың қазанында екі ел Таулы Бадахшан автономиялық облысында 10 мың адамның қатысуымен (200 адам - Қытай әскериі) оқу-жаттығу өткізген. Қытай, Ауғанстан және Пәкістанмен шекаралас Таулы Бадахшан — Тәжікстанның ең кедей аймақтарының бірі.


Azattyq
Автор
Мадияр