Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Тәжікстан коронавирус жұқтырғандар көбейген Иранмен әуе қатынасын тоқтатты

Тәжікстан коронавирус жұқтырғандар көбейген Иранмен әуе қатынасын тоқтатты

Тегеран коронавирустан өлгендер көбейгенін хабарлаған соң Тәжікстан Иранмен әуе қатынасын тоқтатты.

Тәжікстан азаматтық авиациясы агенттігі директорының бірінші орынбасары Әзиз Нәбизоданың айтуынша, Иранмен әуе қатынасы 24 ақпаннан бастап тоқтаған. Бұл жөнінде Иранның Varesh Airlines әуе компаниясы мен Тәжікстанның Tajik Air және Somoni Air әуе компанияларына ескертілген.

Тәжікстан бұған дейін Иранмен жердегі шекарасын жапқан болатын.

Иранның жартылай мемлекеттік ILNA жаңалықтар агенттігі 24 ақпанда Құм қаласында коронавирустан 50 адам өлгенін хабарлап, бұл ақпаратты Иран денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи теріске шығарған еді. Харирчи баспасөз жиынында 61 адам коронавирус жұқтырғанын, оның 12-сі қайтыс болғанын хабарлады.


Azattyq
Автор
Данияр