ҚТЖ топ-менеджерлері былтыр 1,036 млрд теңге сыйақы алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тасжолдағы жанжал: әйелін көлікпен қағып өлтірген полицейге қатысты жол апатының мән-жайы белгілі болды

Тасжолдағы жанжал: әйелін көлікпен қағып өлтірген полицейге қатысты жол апатының мән-жайы белгілі болды
Фото: shutterstock

Әлеуметтік желілерде Алматы облысындағы аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Бауыржан Қабдулданов қызметтік көлікпен өз жұбайын қағып өлтірді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz kursiv.media-ға сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік қағу салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

37 жастағы полиция бастығының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өңірлік полиция департаменті тергеу барысын ерекше бақылауға алған.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді ведомство.

Бұған дейін БАҚ-та ерлі-зайыптылар көлікте бірге келе жатқанда араларында жанжал шыққаны хабарланған еді. Тергеу кезінде ер адам әйелінің қозғалыс кезінде көліктің есігін ашпақ болғанын айтқан. Оның сөзінше, кейін жұбайын Бақбақты ауылының маңына түсіріп кетіп, жолын жалғастырған.

Бірнеше шақырым жүрген соң, ер адам әйелін қайта алып кету үшін кері бұрылғанын жеткізген. Алдын ала нұсқа бойынша, әйел жолдың ортасында отырғандықтан, полицей оны байқамай қалып, қағып кеткен.

Тергеу мәліметінше, әйелдің расында жол бойында отырғаны алдын ала расталған.

Полицей қызметтік көлікті мінген, себебі оған дейін қызметтік шаруамен Қонаев қаласына барып қайтқан. Оқиға салдарынан көліктің алдыңғы бампері зақымдалып, радиаторы қисайған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі