Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ташкентте Тоқаев пен Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр

Ташкентте Тоқаев пен Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр

Ташкентке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Кездесу Өзбекстан президентінің резиденциясы - "Көксарaйда" өтіп жатыр. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.

"Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ" деп жазады басылым.

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі

14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан оны Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов пен сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Ташкент хокимі Жахонгир Артыкходжаев қарсы алды.

Видео: Тоқаевтың Ташкентке келуі (өзбекше видео)

Екі елдің президенттері Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылуына қатысады деген ақпарат тарады.


Azattyq
Автор
Жандос