Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Таразда жантүршігерлік оқиға болды

Таразда жантүршігерлік оқиға болды

Таразда әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген. Дәрігерлер 47 жастағы ер адамның өмірі үшін бір тәулікке жуық күрескен, бірақ оны құтқара алмаған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы

Дәрігерлер қаладағы жатын аудандардың бірінде болған оқиға туралы бірінші болып білген. Пышақ жарақатын алып, қан-жоса болып жатқан ер адам жедел жәрдеммен дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Ол сол кезде ес-түссіз болған.

Полицейлер қылмыскерді тапқан. Ол 43 жастағы әйел болып шыққан. Ол бәрін мойындаған. Бірақ қылмыстың анық-қанығы әлі ашылмаған.

"Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Автор
Айбар