Халықтың 5 пайызы кедей: өңірлердің әлеуметтік әлеуеті әлсіреді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздар үшін қуанышты хабарды айтты

"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздар үшін қуанышты хабарды айтты
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Педагогтердің жауапкершілік шегі заң жүзінде нақтылануы мүмкін. Енді ұстаздар оқушылардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі барысында және қызметтік міндеттері аясында ғана жауап беретін болады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, заң жобасы бірнеше бағытты қамтиды, соның бірі – педагогтердің жауапкершілігін нақтылау. Бұл бастама Президенттің Тамыз кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

"Заң үш блоктан тұрады. Біріншісі – жауапкершілік мәселесі. Президент Тамыз кеңесінде ұстаздар оқушылардың қауіпсіздігі үшін тек оқу-тәрбие процесі және лауазымдық міндеттерін орындау аясында ғана жауапты болуы керек екенін атап өтіп, осыны заңнамалық тұрғыда реттеуді тапсырды. Бұл шын мәнінде үлкен мәселе. Былтыр елімізде резонанс тудырған бірнеше жағдай болды. Жазда кешкі уақытта немесе демалыс күндері оқушылар құқық бұзу әрекетіне барған, сондай-ақ келеңсіз оқиғаларға тап болған. Сол кезде олардың жанында мұғалімдер болмады. Педагогтер демалыста, үйлерінде болды, себебі каникул кезі еді, яғни жұмыс уақытынан тыс мерзім. Бірақ соған қарамастан, мектеп директорлары мен мұғалімдер жазаланды, тіпті жұмыстан шығаруға дейін барған. Әрине, бұл – әділетсіздік", – деді Асхат Аймағамбетов.

Осыған байланысты заңнамаға нақты норма енгізіліп, педагогтердің жауапкершілік шекарасы айқындалмақ. Яғни ұстаздар тек оқу процесі кезінде және өз міндеттерін орындау барысында ғана жауапты болады.

"Жазғы демалыс, түнгі уақыт, демалыс күндері – ата-ананың жауапкершілігі. Енді ешқандай екіұдай түсінік болмауы тиіс, яғни педагогтерді осылай қорғаймыз", – деді депутат.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер