Шоу-бизнес

Асхат Аймағамбетов Тұрсынбек Қабатовтың отбасына қатысты пікір білдірді

Асхат Аймағамбетов Тұрсынбек Қабатовтың отбасына қатысты пікір білдірді
Фото: Аскар Ахметуллин

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов соңғы уақытта қоғамда жиі талқыланып жүрген шоу-бизнес өкілдерінің жеке өміріне қатысты дау-дамайларға пікір білдірудің орнына, қоғам үшін пайдалы әрі өзекті мәселелерге назар аудару қажет екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Журналист қойған сұрақ барысында ол Тұрсынбек Қабатов пен журналист Мөлдір Мұқан арасындағы отбасылық жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Аймағамбетов бұл тақырыптың өзіне қызық емес екенін, сондай-ақ өзгенің отбасылық өміріне араласуды дұрыс санамайтынын атап өтті.

«Бұл мәселе менің қызығушылығыма жатпайды. Әр адамның жеке өмірі – өзіне қатысты дүниесі. Мен ешкімнің отбасысына ақыл айтпаймын», – деді депутат.

Асхат Аймағамбетов сонымен қатар, қоғам назарын жұлдыздардың айғай-шулы әңгімелерінен бөлу керек екенін, бүгінде талқылануы тиіс әлдеқайда маңызды тақырыптар бар екенін жеткізді. Ол, әсіресе, цифрлық даму, жасанды интеллекттің дамуы, білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жастардың болашағы сияқты мәселелерді алға тартты.

«Бізде жасанды интеллекттің қоғамға әсері, экономикадағы жаңа технологиялар, білім беру сапасы секілді маңызды тақырыптар бар. Пайдалы контент көп. Әркім өзі неге назар аударатынын дұрыс таңдауы керек деп ойлаймын», – деді Мәжіліс депутаты.

Депутаттың пікірінше, сапалы ақпаратты таңдау – қоғам мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Ол адамдарды эмоционалды дауларға емес, білім мен ойды дамытатын контентке көңіл бөлуге шақырд

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz