Бұған дейін kznews.kz ақпарат агенттігі ашық дереккөздердегі мәліметке сүйеніп, Тараз қант зауытын жаңғыртуға жұмсалған 12,4 млрд теңгеге қатысты ақпарат жарияланған болатын.
Осыған орай, облыс әкімдігі мақалада көтерілген бірнеше мәселені түсіндіріп, аймақ басшысына қойылған сұрақтарға жауап берді.
Төменде баспасөз қызметінің жетекшісі Жанғазы Ахмет жолдаған ресми хатты қаз қалпында жариялап отырмыз.
Біріншіден, Тараз қант зауытын жаңғыртуға бағытталған 12,4 млрд теңге толығымен жеке инвестиция есебінен қаржыландырылады.
Екіншіден, республикалық және жергілікті бюджеттен тікелей қаржы бөлінбеген.
Үшіншіден, мемлекет тарапынан жер телімдерін рәсімдеу және газ бен электр қуатын арттыруға қажетті келісімдерді алуға әкімшілік-ұйымдастырушылық қолдау көрсетілген.
Ал инфрақұрылымды дайындау мен жаңғырту жұмыстары инвестордың өз қаражаты есебінен жүргізілуде" деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.