Жаңалықтар

Тағы да Талғар! 14 жастағы жігітті бірнеше бала аяусыз сабап, ес-түссіз күйде қалдырған

Тағы да Талғар! 14 жастағы жігітті бірнеше бала аяусыз сабап, ес-түссіз күйде қалдырған
ашық дереккөзден

Алматы облысында 14 жастағы жасөспірімнің қаза табуына себеп болған ауыр оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның ата-анасының айтуынша, олардың ұлы Әлиханды жоғары сыныпта оқитын бірнеше жасөспірім аяусыз соққыға жыққан. Полиция қылмыстық іс қозғағанымен, туыстары баптың дұрыс қойылмағанын айтып, істі қайта қарауды талап етуде.

Қайғылы оқиға 13 қыркүйек күні кешке болған. Үйінен серуендеуге шыққан Әлихан арада бір сағат өткен соң ес-түссіз күйде табылған. Әкесі оқиға орнына жеткенде баласының денесінен анық жарақат іздерін көрген. Ал жанында тұрған адамдар «баланың өзінен өзі құлап қалғанын» айтқан.

«Жүгіріп барсам, ұлымның жанында он шақты адам тұр. “Не болды?” деп сұрағанымда, “өзінен өзі құлап қалды” деп айтты», – деді марқұмның әкесі Данияр Нұрғалиев Almaty.tv-ға берген сұхбатында.

Жақындары Әлиханның әдейі соққыға жығылғанына сенімді. Әкесінің сөзінше, дүкен камераларындағы бейнежазбада жоғары сынып оқушыларының Әлиханды тоқтатып, қараңғы көшеге қарай ертіп кеткені анық көрінеді.

«Біз жансақтау бөліміне барған кезде дәрігерлер оның соққы алғанын айтты. Видео да бар — балалар оны қараңғы жаққа алып кеткен. Тіпті күдіктілердің “қазір Әлиханды ұстап алып, ұрамыз” деп өзара сөйлескенін естігендер бар», – деді ол.

Талғар аудандық полициясы қылмыстық іс қозғап, бір кәмелетке толмаған күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«Кәмелетке толмағанға дене жарақатын салып, оның өліміне әкелу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті жасөспірім қамауға алынды, сот оның бұлтартпау шарасын бекітті», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz