Басты тақырып

Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Лукашенкомен келіссөз жүргізгенін құптамайды

Сыртқы істер министрлігі Назарбаевтың Лукашенкомен келіссөз жүргізгенін құптамайды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь басшысы Александр Лукашенконың телефон арқылы екі елдің қарым-қатынасын талқылағанына қатысты тілшілер сұрағына жауап берді.

«Беларусь Президенті Тұңғыш Президенттің көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Беларусь елі арасындағы қарым-қатынас стратегиялық сипатқа ие.
«Күн тәртібінде проблемалық мәселелер жоқ. Екі ел арасындағы барлық деңгейдегі тұрақты және басқа да байланыстар сақталады», - дейді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz