Қоғам

Сыртқы істер министрлігі Египетте қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Египетте қаза тапқан әйелдің өліміне қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Мысырда қаза болған қазақстандық Ақмарал Мұқановаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қуантыровтың айтуынша, марқұмның денесі бүгін Қазақстанға жөнелтіледі. 

"Мәйітті Мысыр тарапының есебінен барлық рәсімдер аяқталған соң бүгін жөнелту жоспарланған. Моральдық өтемақы мәселесі де шешіліп қойған. Оған қоса, сапарды сақтандырумен қамтамасыз еткен қазақстандық сақтандыру компаниясы тартылды. Жеңіл дене жарақатын алған екі азаматша да елге оралды", – деді Қуантыров.

Сондай-ақ Қуантыров қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Дегенмен қылмыстық із қозғалып я қозғалмағанынан хабарсыз екен. 

"Мысыр Азаматтық авиация министрлігі құрған комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс туралы ештеңе айта алмаймын. Өйткені процессуалдық тұрғыдан алдымен тергеу жүреді. Бірақ тиісті, егжей-тегжейлі тергеу жүргізілсе, қазақстандық тарап қатысады деп ойлаймын. Қалай болғанда да, біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз", – деді ол. 

Еске салайық, Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында үш қазақстандықтың үстіне жарнама тақтасы құлап кеткен еді. Оқиға Астана бағытындағы рейске отырғызу кезінде болған. Салдарынан қазақстандық әйел көз жұмды. 

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz