Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкентте бір подьезден 4 адамның денесі табылды

Шымкентте бір подьезден 4 адамның денесі табылды
Фото: Getty images

Шымкент қаласындағы Студенттер қалашығы шағынауданында орналасқан бір подъезден төрт адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдайға газдан улану себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Көршілердің айтуынша, пәтерлердің бірінен 31 жастағы әйел мен 16 жастағы қыздың денесі табылған. Ал екінші қабаттағы пәтерден 23 жастағы жігіттің мәйіті анықталған. Бұдан бөлек, үшінші қабаттағы жалдамалы пәтерде тұрған студент қыздың да көз жұмғаны белгілі болды.

20 жастағы қыздың денесін пәтер иесі жуынатын бөлмеден тапқан. Тұрғындардың сөзінше, бұған дейін үйде газ иісіне байланысты шағымдар болған, алайда газ қызметі әзірге ресми түсініктеме бермеген.

Полиция бұл факті бойынша адам өліміне әкелген қызмет көрсету дерегімен қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.