Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Шымкенттегі Дендросаябақта ер адамның мәйіті табылды

Шымкенттегі Дендросаябақта ер адамның мәйіті табылды
фото: ашық дереккөз

Бүгін, 22 ақпанда таңертең Шымкенттегі Дендросаябақ аумағында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаға қатысты Шымкент полиция департаменті ресми түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, құқық қорғау органдарына суицид белгілері бар мәйіттің табылғаны туралы ақпарат түскен.

Аталған дерек бойынша "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында үй ішінде ұзақ уақыт жатқан адамдардың мәйіті табылғанын хабарлаған едік.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.