life пен кайф: сақтандыру нарығы банк секторын басып оза ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Сұхбатты қазақша беремін" – Самоделкина Қазақстанға құрметін көрсетті

"Сұхбатты қазақша беремін" – Самоделкина Қазақстанға құрметін көрсетті
Фото: Tang Xinyu/VCG via Getty Images

Қазақстан атынан өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қазақ тілін үйренуге ниетті екенін айтты. Бұл туралы ол «Спортc» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Спортшының айтуынша, ол қазірдің өзінде ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Ағылшын тілін ол іс жүзінде нөлден бастап меңгерген. Енді келесі мақсаты – қазақ тілін үйрену.

«Әрине, мен қазақ тілін үйренгім келеді», – деді Самоделкина.

Мәнерлеп сырғанаушы бұған дейін тілді өз бетінше үйреніп көруге тырысқанын, алайда бұл оңай болмағанын атап өтті. Оның сөзінше, оған ұстаздың болмауы және ағылшын тілінде сөйлейтін ортада өмір сүруі кедергі келтірген. Соған қарамастан, Самоделкина Қазақстанға келген сапарларында қарапайым қазақша тіркестерді қолдануға тырысады. Ол амандасу, алғыс айту және күнделікті тұрмыстық сұрақтарды қоюды үйреніп жүргенін жеткізді.

Спортшы үшін қазақ тілін үйрену – өзі өнер көрсететін елге деген құрметтің белгісі.

Айта кетейік, Софья Самоделкина 2024 жылдан бастап азаматтығын өзгертіп, Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. 2025 жылы ол жаңа құраммен Польшада өткен турнирде дебют жасаса, 2026 жылы Миланда өткен Олимпиада ойындарына қатысып, 13-орынға тұрақтады.

Самоделкина болашақта жарыстардан кейін қазақ тілінде сұхбат беруді мақсат етеді. Оның айтуынша, бұл қазақстандық жанкүйерлерге жақындауға және ел мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.