Бейжіңде тұратын 33 жастағы суретші Сиюань Чжудзи әсерлі фототүсірілім жасау үшін әкесінің сүйегін қазып алды. Шығармашылығының нәтижесімен ол Weibo әлеуметтік желісінде бөлісті, деп жазады Stan.kz.
"Бұл бір керемет сезім болды. Суретке жалаңаш түсуім керек болды. Өйткені бұл өмірге біз солай келеміз де кетеміз. Нағыз өнерді көрсетуден қорықпау керек", - дейді суретші.
Фотоларды суретшінің әйелі түсірген. Желі қолданушылары суретшіні "екіжүзді" деп айыптады.
"Арманың болса, суреттерді үйіңе іліп қоймадың ба? Көпшілікке жариялаудың қажеті не?" - деп жазды олар.
stan.kz