Нұрболхан Шарапов жариялаған пародияда Айнұр Тұрсынбаеваның айтыстағы сөйлеу мәнері мен өзіндік ерекшеліктерін әзілге айналдырған.
Әзілкеш Нұрболхан Шарапов ақын Айнұр Тұрсынбаеваның айтыстағы мәнеріне пародия жасап, әлеуметтік желіде видео жариялады. Өнер иесінің әзілін назардан тыс қалдырмаған ақын оған өлеңмен жауап беріп, сөз қағыстырды, деп хабарлайды kznews.kz.
Бұған жауап ретінде ақын да әзіл аралас шумақтармен қарсы шығып, әзілкешті қағытып өтті.
«Әй, Нұрболхан, қал қалай,
Қоя тұршы зарламай!
Сүмірейіп отырсың
Үсіп қалған алмадай.
Менің тілім тәп-тәтті,
Болмасыншы шаруаң-ай!
Мендей болу сен үшін
Арман, арман, арман-ай...
Тисе берме аққуға,
Қарқылдаған қарғамай.
Айтысатын уақыт жоқ,
Жолың болсын, ал, давай!» – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.
Ақынның әзілге әзілмен жауап беруі әлеуметтік желіде көңіл көтеретін сөз қағыстыруға айналды.