Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Суретке түсіріп салған мен едім” - Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповтың қысым көргенін айтты

“Суретке түсіріп салған мен едім” - Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповтың қысым көргенін айтты

Әнші Ақерке Бүркітбай журналист Тимур Балымбетовке берген сұхбатында жолдасы Әли Оқпаовтың «Құрмет» орденін алған кезде қандай буллингке тап болғанын айтып берді, деп хабарлайды Kznews.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

«Оны суретке түсіріп салған мен едім. Екінші күні шу басталды. Кореяда осындай шудан көп әртіс өздеріне қол жұмсап жатыр. Әлидің сол кездегі ішкі жағдайында қандай арпалыс болғанын біз сырттай көрдік. Барынша қолдауға тырыстық. Өте қиын кезең болды. Оны да жеңіл көретін адамдар болуы мүмкін. Оның ішінде анамыздың атына да өте ауыр сөз келді. Халық әртісі болмаса да, ешбір ана өзінің баласы үшін ондай сөз естімеуі керек», - деді Ақерке Бүркітбай.

Ол атағандай, осы жағдайда Роза Рымбаева ешбір теріс сөз естуге лайық емес еді.
«Әли бір апта нәр татпады. Көз алдымызда солып, өртеніп бара жатқандай болды. Анамыз үйіне шақырып жүрді», - деді ол.
Автор
Данияр