Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Сүйінші, ағайын! Енді мектептегі мұғалімдердің сағат саны көбейетін болды

Сүйінші, ағайын! Енді мектептегі мұғалімдердің сағат саны көбейетін болды
informburo.kz

Қазақстанда мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәні қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, қазіргі оқу бағдарламасында бұл пәнге бөлінетін уақыт тым аз. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, пән сағаттарын арттыру және әскери-патриоттық тәрбиеге арналған шаралардың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"Мектептерде алғашқы әскери дайындыққа өте аз уақыт қарастырылған. Осы себепті біз оқу-ағарту министрлігімен бірге жаңа бағдарламаны әзірлеп жатырмыз", – деді Олжабаев.

Жаңартылатын бағдарламада оқушылардың патриоттық санасын көтеруге, елді қорғау ісіне қызығушылығын арттыруға бағытталған қосымша сабақтар мен іс-шаралар енгізіледі. Бұл қадам жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге де ықпал етуі тиіс.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер