Қазақстанда педагогтердің пәндік білімін бағалауға арналған тестілеу жүйесі тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Министрдің айтуынша, аталған шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде қабылданған.
"Құрметті ұстаздар! Сіздерге қуанышты жаңалық бар. Президенттің тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл – сіздерге көрсетілген үлкен сенім мен қолдау", – деді министр.
Ресми мәліметке сәйкес, педагогтердің білім деңгейін анықтауға арналған бұл тестілеу жүйесі енді қолданылмайды. Осыған байланысты тиісті нұсқаулықтар өңірлік білім басқармаларына жолданған.