Білім

Сүйінші, ағайын! Үкімет барша мұғалімді қуантатын жаңалықты хабарлады

Сүйінші, ағайын! Үкімет барша мұғалімді қуантатын жаңалықты хабарлады
Godong/Getty Images

Қазақстан Үкіметі мен OpenAI компаниясы білім беру саласында жасанды интеллектіні дамыту жөнінде меморандумға қол қойды. Енді ел мұғалімдеріне арнайы әзірленген ChatGPT Edu платформасы қолжетімді болмақ, деп хабарлайды kznews.kz.

Вашингтонда өткен келіссөздерге Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, "Қазақтелеком" АҚ, Freedom Holding Corp. және OpenAI Inc. өкілдері қатысты. Құжат жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы білім беру мен цифрлық дағдыларды жетілдіруге бағытталған ынтымақтастықты көздейді.

ChatGPT Edu – білім беру ұйымдарына арналған ChatGPT-тің арнайы нұсқасы. Қызмет платформасында деректерді талдау, құжаттарды қысқаша мазмұндау, және жеке GPT-ассистенттерін құру сияқты функциялар бар. Бұл мұғалімдердің уақытын үнемдеп, әкімшілік және техникалық жұмысты жеңілдетеді.

Меморандум аясында алдағы үш жылда жыл сайын кемінде 165 мың OpenAI лицензиясы Қазақстан мұғалімдеріне берілмек.

OpenAI компаниясының білім беру және мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі GTM бағытының жетекшісі Кевин Миллс бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:

"Бүкіл әлемнің ұстаздары жасанды интеллект көмегімен әкімшілік жүктемені азайтып, уақытын оқушыларды оқыту мен дамытуға арнап отыр. Қазақстан Үкіметімен жасалған келісім мұғалімдерге ChatGPT-ді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және ЖИ-дің артықшылықтарын білім беру жүйесіне кеңінен енгізуге жол ашады", – деді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz