Шымкентте гастрономиялық фестиваль өтті: ең дәмді палау мен самса анықталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сүйінші, ағайын! Еліміздің бас педагогы ұстаздар үшін қуанышты хабарды айтты

Сүйінші, ағайын! Еліміздің бас педагогы ұстаздар үшін қуанышты хабарды айтты
parlam.kz. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттау жүйесіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап ұстаздар арасында көп сынға ұшыраған талаптардың бірі – авторлық бағдарлама әзірлеу міндеті алынып тасталады. Бұл шешім педагогтардың ұсыныстары мен пікірлері негізінде қабылданған.

"Көптеген мұғалімдермен кездестім. Олар аттестаттаудан өту кезінде авторлық бағдарламаның қажеттілігі жоқ екенін ашық айтты. Сондықтан бұл талапты алып тастау туралы нақты шешім қабылданды", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Осы өзгерістерге байланысты аттестаттау ережесіне түзетулер енгізіліп, енді мұғалімдер авторлық бағдарлама дайындауға міндеттелмейді.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, бұл жаңашылдық педагогтарға түсетін артық жүктемені азайтып, аттестаттау үдерісіндегі формализмді қысқартуға бағытталған. Бұған дейін "педагог-шебер" санатын алу үшін ұстаздар авторлық бағдарламалар жасап, оны тәжірибеде қолдануы қажет болатын.

Алайда жүргізілген талдау бұл талаптың тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мысалы, 2025 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қараған 875 материалдың тек 303-і ғана мақұлданған, ал 572 жұмыс қайта қарауға жіберілген. Бұл ұсынылған бағдарламалардың басым бөлігі талапқа сай келмегенін білдіреді.

Сонымен қатар, мақұлданған бағдарламалардың өзі білім беру ұйымдарында кеңінен қолданылмайтыны анықталған.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта мұғалімдерге қойылатын талаптар олардың нақты кәсіби нәтижелері мен тәжірибесіне негізделеді. Яғни, құжат жинауға емес, педагогтың біліктілігіне басымдық беріледі.

Осыған байланысты министрлік «педагог-шебер» санатын беру талаптарын қайта қарап, ұстаздардың кәсіби деңгейін әділ бағалауға мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді енгізуді жоспарлап отыр.

Жаңа өзгерістер педагогтардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, білім сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер