KZNews.kz
Әлем

Стамбұлда өзбекстандық әйелдің басы кесілген мәйіті табылды

Дархан Тоқан
Фото: oxu.az

Стамбұлдың Шишли ауданындағы Дуатепе көшесінде 24 қаңтар кешінде қоқыс контейнерінен басы кесілген әйел адамның мәйіті табылды. Оқиғаны қағаз-қалдық жинап жүрген тұрғын байқап, бірден полицияға хабар берген, деп хабарлайды Kznews.kz.

Оқиға орны қоршалып, криминалистер мен кісі өлтіру дерегі бойынша мамандар дәлел заттарды жинап, тергеу амалдарын бастаған. Мәйіттен алынған саусақ іздері арқылы марқұмның жеке басы анықталып, оның Өзбекстан азаматы Дурдона Хокимова екені хабарланды.

Тергеу дерегінше, бейнебақылау камераларының жазбалары талданып, күдіктілердің ізі жедел анықталған. Нәтижесінде Өзбекстанның екі азаматы Ыстамбұл әуежайында Грузияға ұшпақ болған сәтінде ұсталған. Кейін іске қатысы болуы мүмкін тағы бір адамның да ұсталғаны айтылды.

T24 жазуынша, негізгі күдіктілердің бірі марқұммен жақын қарым-қатынаста болғанын айтып, жанжалдан кейін қылмыс жасағанын мойындаған. Қазіргі таңда істі Шишлидегі оқиға бойынша Түркия полициясының тиісті бөлімдері тергеп жатыр.

Ресми органдар тергеу мүддесіне байланысты толық мәліметті бірден жарияламауы мүмкін. Күдіктілердің кінәсі сот шешімімен дәлелденгенге дейін олар кінәсіз деп есептеледі.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →