“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Стамбұлда Табылды Досымовты еске алу кеші өтті

Стамбұлда Табылды Досымовты еске алу кеші өтті
Фото: ашық дереккөз

Стамбұлда қазақтың ақыны Табылды Досымовты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды kznews.kz.

Егер тірі болғанда, биыл ақын 60 жасқа толар еді. Шарада оның шығармалары топтастырылған «Із тастап аққан бір жұлдыз» кітабының тұсауы кесілді. Кешті Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы ұйымдастырды.

45 жыл өмір сүрген Табылды Досымов қазақ руханиятына терең із қалдырған тұлға. Оның әндері мен жырлары халық жадында әлі де берік орын алып келеді.

Ақынның ұлы Абыл Аяш:

«Әкеміздің әндері Стамбұл төрінде шырқалғанына ерекше толқыдым. Кеш жоғары деңгейде өтті», – деді.

Табылды Досымов атындағы қор директоры Бижан Қалмағанбетов:

«Жастардың әнге қосылып шырқауы – біздің мақсаттың орындалғаны. Табылдының шығармашылығы тәуелсіздік рухымен тығыз байланысты», – деп атап өтті.

Кеш барысында ақын сұхбаттарынан үзінді көрсетіліп, оның танымал әндері орындалды. Түркиялық көрермен Табылды әндерін ыстық ықыласпен қабылдады.

Табылды Досымовтың 60 жылдығына арналған еске алу шаралары Түркиямен қатар Қытай, Моңғолия және Ресейде де өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.