Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Стамбулда болған ұшақ апатынан 2 қазақстандық зардап шекті - Қазақстан жаңалықтары

Стамбулда болған ұшақ апатынан 2 қазақстандық зардап шекті - Қазақстан жаңалықтары

Стамбулда болған ұшақ апатынан екі қазақстандық адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәліметіне сәйкес, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 18.00-де ұшақтың Ыстанбұл әуежайына қолайсыз қонуы барысында ұшу-қону жолынан тыс шығып кетуі салдарынан Қазақстан Республикасының екі азаматы жарақат алған. Олар Фатих Сұлтан Мехмет ауруханасына жеткізілген», - делінген ресми хабарламада.

Бұл жағдай Бас консулдықтың бақылауына алынып, қазақстандықтарға қажет көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Естеріңізге салайық, 5 ақпан күні Түркияның Стамбул қаласындағы әуежайда ұшақ апаты орын алған еді. Алғашында опат болғандар жоқ деп айтылған оқиғадан 3 адам көз жұмғандығы белгілі болды. 

Сонымен қатар апатқа ұшыраған ұшақтың әуежайға қонуы түсірілген видео жарияланыпты.

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=qgGRoKMS6-8[/embed]


stan.kz
Автор
Айбар