ка

СҚО-да көлік айдап әкеткен 6 жасар бала екі бүлдіршіннің анасын мүгедек қылды

21.01.2021 16:46
0
1
Көлікті айдап кеткен алты жасар бала әйелді басып кетті. Жағажайда болған апат салдарынан Дарина Тюгумбаева мүгедек болып қалды. Келіншек баланың ата-анасын жазалауды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Апат 2020 жылдың шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінің жағасында болды. Дарина Тюгумбаеваны алты жастағы бала басқарған көлік басып кетті. Келіншек оқиғаға дейін демалушылардың бірі алты жастағы баласы көлікті еркін басқара алатынын айтып мақтанғанын естіген. «Осыдан бірнеше минут өткен соң, артымызда тұрған машинаның иске қ пакетқанын естідім. 6 жасар бала көлік жүргізіп келе жатыр еді, ол машинаның рөлін қалай болса солай қозғаған. Біз әлі суға түсіп үлгермегенбіз. Басымды бұрып қараған кезде көлік бір метр жерде келе жатты. Мен де балаларым да көліктің астына түсіп кеттік. Мені дөңгелек басып кетті. Балалар дене жарақаттарын алды. Көліктің дөңгелектері аяғым мен жамбасымды жаншып кетті. 3-4 метр қашықтыққа дейін сүйреп кетті. Өліп бара жатырмын деп ойладым», — дейді Дарина Тюгумбаева. Дәрігерлер 25 жастағы Даринаға жамбас сүйектерінің сынуы деген диагноз қойды. Екі ай бойы ол орнынан тұрға алған жоқ. Кейін оған II топтаы мүгедектік берілді. Апат кезінде балалар үш және бір жаста болған. «Кінәлі тарап тіпті адам сияниеқты кешірім сұраған жоқ. Моральдық және материалдық көмек туралы тіпті айтудың өзі қиын. Мен әділеттілікті қалаймын! Ата-анасы сот алдында балаларының әрекеті үшін жауап беруі керек. Олар балаларына көлікті басқаруға рұқсат бергені үшін жазалансын», — дейді ол.
#жол апаты #6 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктері #6 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктері слайд #6 жасар балаға тілек #6 жасар балаға математиканы оқыту әдістемесі #6 жасар баланың физиологиялық дамуы #6 жасар баланың сөздік қоры #6 жасар баланы оқыту #6 жасар баланың мектепке дайындығы #6 жасар балаларды мектепке дайындау проблемалары #жол апатынан қалай құтылуға болады #жол апаты кезіндегі алғашқы көмек #жол апаты дегеніміз не #жол апаты түс жору #жол апатын алдын алу #жол апаты туралы заң #жол апатынан сақтайтын дұға #бала мен ата-ана туралы мақал #бала мен ата-ананың қарым қатынасы #бала мен ата-ана арасындағы өзара бірлескен жаттығу #бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас тренинг #бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас видео #бала мен ата-ана сауалнама #бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мұғалімнің рөлі #бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің рөлі #ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас видеоролик #ата-ана мен бала арасындағы махаббат тренинг
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий