Бектенов Алматы ЖЭО-ларындағы жаңғырту жұмысын шұғыл тексеруге тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Сот Сырым Әбдірахмановты босатты

Сот Сырым Әбдірахмановты босатты

Наурыздың 1-і күні Астананың Алматы аудандық сотында тіркелмеген "Алаш" партиясының жетекшісі Сырым Әбдірахмановқа сот үкімі оқылды. Судья Арман Ақылбай белсендінің бостандығын бір жарым жылға шектеп, 40 айлық есептік көрсеткіш (101 мың теңге) көлемінде айыппұл салған. Осылайша Әбдірахманов сот залынан босаған.

2018 жылы желтоқсан айының басында қамалған белсендіге тергеу органдары әуелі "көрінеу жалған ақпарат тарату", "билік өкіліне қатысты күш қолдану", "сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау", "билік өкілін қорлау" баптары бойынша айып таққан еді. Кейінірек тек "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне қатысты күш қолдану" баптарын ғана қалдырған.


Азаттық
Автор
Арман